"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан оқушыларының жеңісі

02.10.2024

Қазақстан құрамасының әлемдік аренадағы тағы бір теңдессіз жеңісі! Біздің оқушыларымыз робототехникадан ең беделді FIRST Global Challenge олимпиадасында 190 қатысушы елдің арасынан оза шауып, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Бұл балаларымыздың зияткерлік білімінің артықшылығының айқын дәлелі.

Мұның барлығы сайып келгенде, нағыз чемпиондарды тәрбиелеп шығарудағы педагогтердің, жаттықтырушылардың, ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі. Оқушыларымыз үлкен бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап қана қоймай, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. 

FIRST - инженерия, бағдарламалау және жобалау саласында ең алдыңғы қатарлы бағдарлама саналады. Биылғы жылдан бастап ол «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған мектептердің оқу бағдарламасына енгізілуде.  Мемлекет басшысының қолдауының арқасында білім беру инфрақұрылымын жақсарту, интернет сапасын арттыру, пәндік кабинеттермен, STEM-лабораториялармен жабдықтау жүргізілуде.

Бұл жеңіс балаларды жаңа жетістіктерді бағындыруға ынталандырады және білім беру жүйесінің дамуына септігін тигізеді деп сенемін. Балаларымызға сәттілік пен болашақта үлкен жетістіктер тілеймін!

            

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст