26 қыркүйек күні мектебіміздің асханасына мектеп мониторинг комиссиясы тексеріс жүргізді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағамдардың сапасы мен балаларға беріліп жатқан ас мәзірінің талапқа сай болуы қарастырылды.
Комиссия мүшелері ас дайындау процесімен, өнімдердің сақталу жағдайымен танысып, асхана қызметкерлерінің жұмысын бақылап шықты. Әсіресе ас блогының тазалығы, ыдыс-аяқтың дұрыс жуылуы және ас әзірлейтін орындардың санитарлық талаптарға сәйкестігі жіті қадағаланды.
Тексеру нәтижесінде ас блогының тазалығы талапқа сай екендігі, асхана жұмысы қанағаттанарлық деңгейде жүргізіліп отырғаны атап өтілді.
Сонымен қатар мектеп сайтында "Ас мәзірі" айдары тұрақты түрде жүргізіліп, онда күнделікті ас мәзірі мен оқушылардың дұрыс тамақтануына қатысты ақпараттар жарияланып отырады.