"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Виртуалды кәсіптік бағдар беру кабинеті

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ

Құтқарушы (өрт сөндіруші) мамандығымен танысу

Құтқарушы – төтенше жағдайларда адамдардың өмірін құтқаратын маман. Олар су тасқыны, өрт, табиғи апаттар кезінде адамдарға бірінші болып көмекке келіп, қажет болған жағдайда зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсетеді. 19-қазан Құтқарушылар күніне орай "Мариновка ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің  педагог-кәсіби бағдар беруші Тонтакаев А.Д., АӘТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Амренов Ж.А., 10-11 сыныптардың оқушылары мен өрт сөндіруші Тынах Арманбекпен кездесу өтті. Ол өрт сөндірушілердің жұмысымен таныстырып, сонымен қатар өрт туралы қалай және қайда хабарлау керектігі, өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, балалардың отпен ойнауының салдары туралы айтып, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін еске салды. Оқушылар қызықты әрі танымдық кездесу үшін өрт сөндірушілерге үлкен рақмет айтты.  Құрметті Құтқарушылар! Сіздердің халқымыздың қаупсіздігің сақтау бағытында қосып жатқан үлестеріңіз ұшаң-теңіз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Баршаңызға ауыр да адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУҒА КӨМЕКТЕСУ

 

«Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

кәсіптік-бағдарлау  жұмысының   ұйымдастырылуы  туралы ақпарат

2023-2024 оқу жылы

Кәсіптік  бағдар жұмысын  бастауыш, орта буын, жоғарғы сыныптар деп оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жоспарланды.

Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан-жақты жеке тұлға ретінде даярлау.

Мақсаты: кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары. Кәсіптік бағдар берудің тиімділік өлшемдері. Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының белсенділік әдістемесі: ойындар, пікірталас, жағдяаттарды талқылау. т.б.

Осы мақсаттарды іске асыруда бүгінгі мектеп оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн сайын талаптануда. Өйткені келешек қоғамыздың басты тұлғасы бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектепте берілетін кәсіби бағдар жұмыстарының бүгінгі күні маңызы зор болып табылады. Жалпы білімнің басты үш міндеті бар  олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, және оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу – ең көкейкесті мәселеге айналып отырғаны дәлелденді.Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жалпылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.

 Жыл  басында кәсіптік бағдар беру мақсатында мектепішілік жоспар құрған кезде мектеп оқушыларын үш буынға бөліп жоспар құрылды, бастауыш сыныптар, орта буын және жоғары сыныптар.                                        

Қыркүйек айы

  • Ұйымдастыру  жұмыстары жүргізілді.
  • «Мен өскенде кім боламын?» тақырыбында 1-4-сынып  оқушылары сурет салып, суреттері жинақталды.

Мақсаты:  Оқушыларға мамандық ұғымы, мамандық түрлері туралы ой – өрістерін кеңейту, мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етілетіндігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

Өз Отанына, еліне адал қызмет ететін, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ететін азамат тәрбиелеу;

22-қыркүйек  күні мектебімізде  кәсіби бағыт беру мақсатында                              

7-9-сынып  оқушыларымен  «Табысты  түлек- мінсіз оқушы» тақырыбында  мектеп  түлектерімен   кездесу ұйымдастырды.            Кешке  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абеуова А.А. және мектеп түлектері  Мүкара К. мен  Хуатбек А. , сынып жетекшілер  қатысты.

Жас  ұстаздар оқушыларға өздерінің қызығушылықтары, икемділігі, бейімділігіне сай мамандық таңдау керектігі туралы айтты.

Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Кездесу барысында оқушылар қонақтарымызбен таңдаған мамандықтары туралы ой бөлісіп, пікір алысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды

 

11.10.23 Мариновка ауылының ✓2  ЖОББ  мектебінің кәсіптік бағдар беру мақсатында  2,4-сыныптарда "Мамандық әлеміне барар жол" тақырыбында құрастыру сабағы өтті.

Жас ұрпақты  еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Оқушылар берілген суреттер арқылы мамандық иесін дөп тауып отырды және мамандық түрлерімен танысты. 

 

  

 

Жылдық жоспар негізінде қараша айында кәсіби бағдар беру мақсатында                  3-сынып "Мен ұстазымды мақтан етемін" атты ашықхат жасап, алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің  түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандық түрлерімен таныстыру. Мамандықтың түрлері көп: Дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист, т. б көптеген мамандықтар бар. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білу керек. Қалаған мамандықтың иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет, үлкен өнер мен зор шеберлікті қажет еткендігін түсіндіру.

«Рухани адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық патриатизм және қазіргі жастардың бағдарларын анықтау»  бойынша 7-сынып оқушыларының адамгершілік, ел болашағы туралы ойларын  сауалнама сұрақтарына жауап беру ақылы  алынды.

Қараша айында  10-сынып  оқушыларымен «Шығармашыл адамның өмірлік стратегиясы» пікірталас өткізілді. Пікірталас басында оқушыларға миллиордер М.Сейсенбайдың «Жетістікке жетудің қыр-сыры» туралы сұхбатын тыңдап, ортаға ойларын салып,пікірлерін білдірді

Желтоқсан  айы

  • Бастауыш  сынып оқушыларымен «Анам-әкем жұмыста» ата-аналарының мамандықтары туралы сурет салу ұйымдастырылды. 

  • Осы айда 5-6-сынып оқушылары «Кім боламын» тақырыбында эссе жазды.
  • «Біз таңдайтын жолдар» түсіндірме жұмысы ұйымдастырылып отырады
  • Қаңтар айында жоспар бойынша  «Ертеңіме сенемін» тақырыбында ауылдық балалар кітапханасы мен мұражайға экскурсия ұйымдастырылды.

  • 9-11-сынып оқушыларымен «Олар  біздің мектепте оқыды» тақырыбында студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылып, оқушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына  жауап алды.

 

24.01.2024 ж. Мектебімізге Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өкілдері  ата-аналармен кездесу өткізіп, оқу орнына шәкірттерімізді шақырды. Кездесу барысында оқуға қабылдау шарттарымен таныстырып, оқу орны дайындайтын мамандықтар туралы ақпарат берді.

Ақпан айы

  • Жоғары сынып оқушыларымен «Мың мамандық бар, таңдап, талғап бірін ал!»  оқушылармен мамандық түрлері тақырыбында әңгімелесу

Наурыз айы

  • «Кім боламын» рөлдік ойындар ұйымдастырылды.

Сәуір айы

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша  «Адал еңбек, еңбексүйгіштік мәдениетімен құндылықтарын насихаттау мақсатында  тәрбие жұмысы бойынша аудандық семинар өтті.

  

Мамыр айы бойынша жоспар бойынша

9-сынып оқушылары «Менің  болашақ   мамандығым» тақырыбында  эссе  жазды.

11-сынып оқушыларымен ауылымыздағы ТОО Ирченко ХПП экскурсияға барды. Бұл жерде қандай мамандықтар қажет және олардың жұмыстарымен танысып, көздерімен көріп, көп ақпарат алып қайтты.

Қорытынды: Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті.              Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар.

Мектеп кәсіби бағдар берушісі :                                    Тонтакаев А.Д.

Жаңартылған күні: 14.05.2024 15:45
Құрылған күні: 22.11.2024 17:56

Текст