"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол"акциясы

15.07.2024

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Акцияның басталуы 2024 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2024 жылдың 30 қыркүйегінде.Акцияның ұраны: Жақсылықты жаса.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

«Мектепке жол»  республикалық акциясы туралы ақпарат

2024-2025 оқу жылы

Акцияның мерзімі мен мақсаты:  

«Мектепке жол» республикалық акциясы 2024 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін біздің мектепте өтті. Акцияның басты мақсаты — әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және төтенше жағдайларға ұшыраған  отбасылардың балаларын мектепке дайындауға қолдау көрсету.

Қаржылық және материалдық көмек:

Акция аясында «Жалпыға бірдей білім беру» қоры арқылы 1 996 722 теңге бөлініп, 21 отбасының 46 оқушысына материалдық және қаржылық көмек көрсетілді.

Бұл көмектің ішінде:

- 43 аз қамтылған оқушы және 3 өзге санаттағы оқушыға мектеп формасы, спорттық аяқ киім, кеңсе тауарлары сияқты қажетті заттар берілді.                                                                                           

 - Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 25 оқушыға мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе тауарларымен көмек көрсетілді.

Қолдау көрсету тәртібі:

Әлеуметтік көмек көрсету шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы мен 2020 жылдың 30 желтоқсанындағы № 949 қаулысымен реттеледі. Бұл нормативтік актілерге сәйкес, көмек аз қамтылған және қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ басқа да мұқтаж санаттағы балаларға беріледі.

Қорытынды:

«Мектепке жол» акциясы арқылы оқушыларға материалдық көмек көрсетіліп, олардың оқу жылына дайындығы жақсартылды. Бұл іс-шара балалардың білім алуына тең жағдай жасау, олардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды

 

Просмотров: 1838


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст