Текст
27.02.2025 күні «English week:poems» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін оқушылар ағылшын тілінен жаттаған өлеңдерімен тақпақтарын айтты. Бұл іс—шараға 5—6—9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Негізгі ағылшын тілінен өлеңдер жаттау адамды шығармашылықпен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға және тіл үйренуге деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Әдемі өлеңдер көңіл-күйді көтеріп, тіл үйренуге деген қызығушылықты сақтайды.Осылайша, ағылшын тілінен өлеңдер жаттау тек тіл үйренуге ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты дамытуға да пайдалы.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Жаңбыр Айдана Жанысбекқызы