"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Өрт қауіпсіздігі күні"

14.02.2025

2025 жылғы 10 ақпанда Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Наймушина аудандық білім беру мекемелерінің басшыларымен БКБ кеңес өткізді. БКБ кеңесте 2025 жылғы 14 ақпанда Атбасар ауданы бойынша барлық білім беру ұйымдарында ТЖ мамандарының қатысуымен "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күнін" өткізу туралы нұсқау берілді. Осыған орай, біздің мектебімізде белгіленген нұсқау негізінде сабақ кестесіне 1-сабаққа "Өрт қауіпсіздігі туралы" сынып сағаты қойылып, барлық сыныптарда өткізілді. Осы күні 14 ақпанда мектеп басшысы — Берден Кайрат Кундакбайулы "Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күніне" орай мекеме қызметкерлері және ата-аналармен басқосу өткізді. Басқосуға Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы — Нурпеисов Диас Дулатович қатысты. Ол мектеп ұжымы мен ата-аналарға өрт қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат берді. Отбасында, үй жағдайында пеш жаққан кезде, мұржаны үнемі тазалап отыруды айтып, кеңес берді. Сонымен қатар, ол аяқ астынан болған өрт қаупі кезінде өрт сөндіру құралын қалай қолдану керектігі жөнінде көрсетіп, айтып өтті. Басқосуды мектеп директоры — Берден Кайрат Кундакбайулы өз қорытынды сөзімен аяқтады.

 

Просмотров: 180


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст