Текст
11 ақпанда орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 2-4 сынып оқушылары арасында С.Я.Маршактың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл шараның мақсаты балалардың С.Я.Маршактың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту және бекіту болды. Балаларды кітап мәдениеті әлемімен таныстыру. Мектебіміздің оқушылары үшін орыс тілі шет тілі болып табылады, бірақ соған қарамастан балалар Самуил Яковлевичтің өмірі мен шығармашылығы туралы презентация фонында сахнада үлкен толқумен өнер көрсетті, шын жүректен өздерінің басынан өткерген көңіл-күйлері мен сезімдерін жеткізуге тырысты. Сайыс соңында балалар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аубакирова Л.К. өткізді.