"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске асыру аясында 2024 жыл ішінде кәмелетке толған отандастарымыздың нысаналы жинақтарды пайдалануы бойынша алғашқы қорытынды шығарылды. Еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептелген сәттен бастап 01.01.2025ж. жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ шамамен 5,32 млн АҚШ долларына 53 001 өтінішті орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 2,96 млн астам АҚШ долларына 29 542 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 2,35 млн астам АҚШ долларына 23 459 өтініш қанағаттандырылды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Есепті 2024 жылғы нысаналы талаптар, сондай-ақ инвестициялық кіріс нысаналы талаптарға қатысушыларға 01.02.2025ж. кешіктірілмей есептелетін болады.
Бұл ретте 2007 жылы туылған, 2025 жылы 18 жасқа толатын қазақстандықтардың нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды есептеу де 01.02.2025ж. кешіктірілмей жүзеге асырылады.