"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

15.02.2019

«Атбасар ауданының білім бөлімі Мариновка қазақ орта мектебі» КММ-нде 14.02 күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысы, Этика жөніндегі кеңес төрағасы Беспалинов Берген Маратович мектеп оқушыларымен  «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында Беспалинов Берген Маратович Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», - деген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың пікірін жеткізді. 
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.
«Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие отбасынан басталады, ата-анасының шаруаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал. Сонымен қатар жемқорлықтың не екенін, оның алдын алудың қандай жолдары болу керек, түп-тамырына балта шабу үшін күрес мектептегі оқушылардың сауаттылығынан бастау алатынын атап өтті.  Әңгіме барысында мектеп оқушылары да өз тараптарынан «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес» жайлы өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.  Әңгіменің нәтижесінде «Адал дүкен», «Адал ұрпақ» клубының жұмыстары және де тағы да басқа шараларды өткізу келешек ұрпақтың мемлекетке, жалпы адамзатқа адалдыққа тәрбиелеу жолында көп нәтиже беретініне сеніміміз молайды.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст