"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Талғат Бигелдинов

02.03.2022
28-ақпан күні 1-11сыныптарда “Талғат Бигелдинов - адамгершілік пен қарапайымдылықтың үлгісі” тақырыбында адалдық сағаты өтті.
Өмірбаяны
Талғат Бигелдинов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз қазақ ұшқышы. Әйгілі ұшқыш 1922 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Талғатты, 6 жасынан бастап әкесінің інісі тәрбиеледі.1940 жылы Балашов әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне оқуға түсіп, содан кейін Орынбор қаласындағы Чкалов әскери авиация училищесіне ауыстырылды. Оқуды аяқтағаннан кейін, 1943 жылдың қаңтарында майданға аттанды. 1943 жылы 6 мамырда оның Ил-2 ұшағын немістер атып түсіріп, ұшқыш аяғынан және иығынан жарақат алды. Ол парашюттың көмегімен жаудың территориясына түсіп, үш күннен кейін кеңес әскеріне қайта қосылды. Содан соң, Орел және Курск қалаларындағы ұрыстарға қатысып, немістің төрт ұшағын жойды. Осы ерлігі үшін 1944 жылдың 26 қазанында аға лейтенант Бигелдинов Талғат Жақыпбекұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал екінші атақпен, 1945 жылы Краков, Катовице, Бреслау және Берлин қалаларындағы шайқастарда эскадрильяны шебер басқарғаны үшін марапатталды. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында ұшақпен 305 рет әуеге ұшып, жаудың жеті ұшағын атып түсірген. Өзінің жауынгерлік мансабын қарапайым ұшқыш ретінде бастап, гвардиялық авиациялық полктің эскадрилья командирі лауазымына дейін жетті. Соғыс аяқталған соң, әскери-әуе күштеріндегі қызметін жалғастырды. Кейінірек, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1957 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты, Кеңес Армиясының қатарынан шығарылды. Ол 2014 жылы 10 қарашада қайтыс болып, Алматыдағы Кеңсай-1 зиратында жерленді.
 
 
Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст