"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Снайпер" облыстық жарыстары.

31.01.2022
Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында үстел теннисі, шахмат және пневматикалық винтовкакдан ату бойынша "Снайпер" облыстық жарыстары.
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы ОЖШТжӨЭО негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Атбасар қаласының №1,№3 жалпы білім беретін мектептерінің базасында Ұлттық Мектеп лигасы бағдарламасында үстел үсті спорт түрлері және пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарыстар, сондай-ақ Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жастар" және "Намыс" облыстық спартакиадалары өтті. Оқушылар үш спорт түрінен: үстел теннисі, шахмат және пневматикалық винтовкадан ату бойынша жарысты. Жарысқа Ақмола облысы аудандарының 16 командасынан 144 қатысушы қатысты. Атбасар ауданының құрама командасында жарыстардың аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары болды.
Мариновка а. №2 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мархамет Нұржан жаттығу бойынша атыста жеңімпаз және жүлдегер атанды.Жеттекшісі:Амренов Ж.А Атбасар ауданының командасы "Үздік жасақ" номинациясына ие болды
Жарыстың салтанатты жабылуы Атбасар қаласының "Олимп" ДСК базасында өтті, оған келесі құрметті қонақтар қатысты: Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзинович, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Өмірзақов Арман Ғалымтайұлы, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна, интернационалист -жауынгер Любицкий Валерий Иванович, спорт ардагерлері Қуатбеков Өмірзақ Базылұлы және Понаморенко Анатолий Степанович.
Жарысқа қатысушылар алдында Атбасар ауданының әкімі Қалжанов Аманбек Амирхамзинович, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы облыстық өлкетану және экология балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Өмірзақов Арман Ғалымтайұлы, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст