"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім көзі»

10.04.2017

Құрметті әріптестер!

        Астана қаласындағы Республикалық «Білім көзі» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық орталығы «Мен-Педагогпын!» атты қашықтықтан республикалық эсселер байқауын ұйымдастыруда. Сіздерді осы қашықтық

байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!

          Байқаудың мақсаты: әр педагогтың өз мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал жасау. Педагогтар қауымының қоғамдағы беделін арттырудың жолдарын қарастыру.

        Байқауға өз эсселерін ұсынған әр педагог өз мамандығына деген махаббатын сөзбен суреттеп, ойын сөзбен өрнектеп жеткізе білуі тиіс. Эссеге күнделікті сабақта пайдаланатын тәжірибесі және балалармен қарым-қатынас жасаудағы практикасы туралы жазу керек. Педагогика саласының дамуы жолында өзіндік ұсыныстарын да

қамту керек.

Қашықтықтан ұйымдастырылатын байқау барысында пән мұғалімдерінің тәжірибелік білімдерін жаңарту, пәндерді

оқытудың сапасын жетілдіру, оқу үрдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибе алмасу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады, сонымен қатар, жинаққа барлық эсселер енеді.

Байқау нәтижесінде жеңіске жетіп, бас жүлде иегері

атанған мұғалімдерге жазғы демалыс уақытында Қазақстандағы танымал

шипажайлардың біріне 10 күндік демалысқа жолдама беріледі.

Просмотров: 472

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст