"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖАҢА 2025 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫНАН

06.01.2025

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген оқушы орны рекордтық көрсеткішке жетті

Елімізде 373 мың оқушы орнына арналған 257 мектептің құрылысы аяқталды. Бұл үш ауысымды 42 мектептің және 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу бойынша бюджет қаражаты есебінен және инвестиция тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу жылының басынан 254 мың оқушы орнына арналған 105 мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. 

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры бойынша 27 мың оқушы орнына арналған 25 мектеп қолданысқа берілді. Қосымша тағы бес мектеп пен 3,3 мың орындық интернат құрылысы жүруде. Білім беру нысандары құрылысының басым бөлігі Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында салынуда. Бұл жобаларды іске асыру мектептер мен интернаттардағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға, сондай-ақ бір мектепте апатты ғимарат мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Барлығы жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен жалпы саны 100 мың оқушы орындық 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды. 

Сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен 92 мың оқушы орнына арналған 127 мектеп құрылысы жүргізілді.

Жаңа нысандарды іске қосумен қатар қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді:

• 254 орта оқу орны күрделі жөндеуден өтті;

• 967 мектепке арналған 1621 заманауи пәндік кабинет сатып алынды;

• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;

• 10 мыңнан астам білім беру ұйымының қауіпсіздік жүйелерімен техникалық жарақтандырылуы жақсартылды. 

Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Жаңа нысандар құрылысы үш ауысымды 42 мектептің, 148 елді мекенде орналасқан 20 апатты мектеп пен оқушы орынының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланған

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттыру жоспарланған. Мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Орта білім беруде 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізу; ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%ын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту; физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алу; 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосу жоспарлануда.

Колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамту; жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайту; жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін 2 есеге арттыру; жеке инвестиция тарту арқылы 80 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту және жабдықтау; колледждерде шағын 10 кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.

Просмотров: 68


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст