Құрметті әріптестер!
IntOlimp.kz сайтының жұмыс жоспарына сәйкес өтетін «Қазақстан Республикасы мұғалімдерін қолдау» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік интернет олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) жұмысына қатысуға шақырамыз.
Қабылдау мерзімі: 10.04.2017ж
Аяқталу мерзімі: 10.05.2017ж
Қорытынды: 22.05.2017ж
Олимпиада мақсаты: білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды тәжірибеге енгізуді бағалау.
Олимпиада жұмысының бағыттары:
Аталған тақырыптар бойынша олимпиадаға қатысушы коучинг сабақ, ықшам сабақ, үлгілі сабақ, эссе, баяндама, мақала, тренинг сабақ, т.с.с. жазып жолдауына болады.
Олимпиада жұмысына жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, бала-бақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатыса алады
Олимпиада жұмысына қатысушыларға жұмыстарына сәйкес I, II, III дәрежелі диплом мен арнайы сертификат беріледі.
Олимпиадаға қатысу тәртібі:
Олимпиадаға қатысу үшін келесі құжаттар (жұмыспен бірге) электрондық мекен-жайға ped@intolimp.kz жіберіледі:
1. Олимпиадаға қатысушы педагогтың өтінімі (1 қосымша).
2. Жариялау талаптарына сәйкес жұмыс мәтіні (2 қосымша).
Олимпиада материалын тіркеу үлгісін және баяндаманы ұсыну мерзімі дейін қабылданады.
1 қосымша
Өтініш парағына жазу керек:
Аты – жөні
Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы
Жұмыс тақырыбы
Мекен-жайы, ұялы телефондары
электрондық поштасы (E-mail)
2 қосымша
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚОЙЫЛАДЫ:
• Жұмыс мәтініні Word мәтіндік редакторда терілуі керек
• Бет параметрлері: сол жағы – 3 см., оң жағы 1,5см., жоғары және төменнен 2см
• Шрифт: Times New Roman (кегль 12)
• Жолдарының арасы 1 интервал
• Азат жолдың басталуы 1,25 см
• Жұмыс атауы майлы бояумен ортаға жазылады.
• Одан төмен автордың толық аты-жөні, қала, мекеме атауы және қызметі ортаға жазылады;
• Жұмыс парақтары нөмірленбейді.
• Әдебиеттерге сілтемелер тік жақша ішінде [ ] көрсетіледі.
• Ұйымдастырушы алқа жұмыс мазмұнына жауап бермейді.
Олимпиаданы өткізу мерзімі және тәртібі:
Қатысушылар өз еңбектерін, сапалы суреті мен шығармашылық өмірбаянын және жарнапұлды төлегендігін растайтын түбіртектің сканерленген нұсқасын 2017 жылдың 10-шы мамырына дейін ped@intolimp.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.
Олимпиадаға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Олимпиаданың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
Олимпиадаға қатысу үшін 2000 (екі мың) теңге төлемақы төленеді.
Төлемақы Халық Банк картасына немесе Киви кошелекке және Билайн байланыс операторына төлем жасау арқылы жүргізіледі:
Halyk Bank: 6762 0035 1048 4032
ИИН: 880308300343
QIWI - кошелек: +7 7058844433
Beeline мобильдік операторына төлем жасау: +7 7058844433
Анықтама телефондары: 8(705)8844433
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 09:00-19:00
Демалыс: сенбі-жексенбі